СOVID-19 су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионатына бөгет болды

СOVID-19 су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионатына бөгет болды
Сурет: Worldclassmag.com

Чемпионат 2023 жылға шегерілді.

Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) су спорты түрлерінен әлем чемпионатын 2023 жылға шегерді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап. 

Алғашында турнир 2021 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасы 2021 жылы өткендіктен, әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды. 

Әлемдегі коронавирусты инфекция турнирдің өтуіне тағы кедергі болуда. Енді әлемдік ұйым Фукуокадағы (Жапония) әлем біріншілігін 2023 жылға шегеріп отыр.