Сыйлық таратушыларға ADK сауда үйі де қосылды

Сыйлық таратушыларға ADK сауда үйі де қосылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сауда үйі екпе алғандарға бағалы сыйлықтармен қоса өз тауарлары мен қызметтеріне 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады.

Алматыда тағы бір СОСО кешені вакцина алған қала тұрғындарын ынталандыру акциясына қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Маусым айында ADK сауда орталығының егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған қала тұрғындары мен қонақтары арасында лотерея ұтысы өтті.

Ұтыс байқауының ұйымдастырушылары вакцина алу рәсімінен кейін СОСО қонақтары лототронға келіп, шарларды алады, ішінде сыйлықтың атауы көрсетіледі. 

Вакцина алған қала тұрғындары мен қонақтары ADK әкімшілігінен сыйлыққа Dizzy сусынын, Panini пиццасын, Astore сыйлықтарын алады. Өз кезегінде жалға алушылар СОСО вакцина пунктінде екпе жасағандардың барлығына өз тауарлары мен қызметтеріне 50%-ға дейін жеңілдіктер, сондай-ақ лотерея бойынша  құлаққаптар, пауэрбанктер, смарт сағаттар, электр шәйнектері және басқа да бағалы сыйлықтар ұсынады.