Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер  ауа райына байланысты ескерту жасады
almaty-akshamy.kz
"Қазгидромет" 10 қазанда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 10-11 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.