Синоптиктер алдағы күндері ауа райы жылы болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы жылы болатынын айтты
Сурет: Ukranews.com

Елдің қиыр оңтүстігінде 35 градусқа дейін жылы болады.

«Қазгидромет» мамандары 17-19 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

«Елдің солтүстігі, орталығы мен шығысы әлі де солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, сондықтан мұнда ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады, ал түнде 5 градусқа дейін үсік болады. Күндізгі температураға келетін болсақ, термометр бағаналары республика бойынша біртіндеп 20-30 градусқа дейін, елдің қиыр оңтүстігінде 35 градусқа дейін, тек солтүстік-шығыс, шығыс және республиканың орталығында 15-25 градусқа дейін жоғарылауы болжанады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.