Штайнмайер визасыз кіріп-шығу мәселесіне пікір білдірді

Штайнмайер визасыз кіріп-шығу мәселесіне пікір білдірді
Сурет: Akorda.kz

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз», - деп атап өтті Германия Президенті.