Шымкентте шенеунік қалмайтын болды

Шымкентте шенеунік қалмайтын болды
Сурет: web.telegram.org

Бүгін Түркістан облысы Шымкент қаласы әкімшілігінде өткен аппараттық жиын өте ерекше өтті. Оған тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушысының жұмысы себеп болған.

Дәл осы жиын барысында басқарма бастығын Антикор қызметкерлері қолына кісен салып алып кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сонымен жиынның шырқын кетірген Момынов Азат 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысында бас маман болып бастаған. Одан кейін облыс әкімі аппаратының қаржы бөлімінің бас маманы, ішкі бақылау бөлімінің ревизоры, мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, мемлекеттік басқармалардың басшысы қызметтерін атқарды. Төлеби аудандық мұрағат және дайындау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың сәуір айынан – бөлім басшысы, 2022 жылдың қазан айынан – Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары болған.

Еске сала кетсек, бұған дейінде облыста бірнеше мемлекеттік қызметкерлер антикор қызметкерлерінің назарына ілігіп, түрлі жазалар алған болатын. Сонымен, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының экс-басшысы Мұхтар Қоқанбаев мегаполистің әлеуметтік маңызды бағыттарында жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған. Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оны 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ұлттық қауіпсіздік комитетін 200 мың долларға сатып алмақ болған. Ал Антикордың назары іліккен Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Әсет Шағадатқа қатысты іс тергеу үстінде. Әзірше ол қамауға алынған.