Шаш туралы не білеміз?

Шаш туралы не білеміз?
almaty-akshamy.kz

Әр тал шаш күніне шамамен 0,35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса, сонда өмірінің соңына дейін 7,6 метрді құрайтын көрінеді.

Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға қауқарлы. Шаш көбіне көктем мен жазда тез өседі екен.

Баланың шашы анасының құрсағында жатқанда-ақ өсе бастайды. Шамамен, жүктіліктің 4-ші айында шарананың басына шаш шығады екен. Шаштың қалың, жұқа немесе бұйра болуы адамның тегінен. Шашымыз түсіп, жұқарып қалса, бұл тамақтану және өмір сүру салтымызға байланысты болады екен.

ДНҚ-ны анықтау үшін адамның шашын да пайдаланатынын білеміз. Иә, шаш шынымен де генетикалық ақпарат беретін элемент. Ол арқылы туыстықты анықтауға немесе әлдебір қылмысты ашуға болады. Анализ үшін қиып алынған шаш жарамайды, түбінен жұлу керек. Өйткені, ДНҚ шаштың түбінде, өзегінде болатын көрінеді, кемінде бес талын түбінен жұлып алу жеткілікті деседі.