Сербия «Спутник V» препаратының мұрынға арналған нұсқасын шығармақ

Сербия «Спутник V» препаратының мұрынға арналған нұсқасын шығармақ
Сурет: Gazeta.ru

Елдің даму министрінің айтуынша, бұл препараттардың тиімділігі дәлелденген.

Сербия «Спутник V» препаратының мұрынға арналған нұсқасын және бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сербияның инновациялар және технологиялық даму министрі Ненад Попович Сербия бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасымен бірге Ресейдің COVID-19 мұрынға арналған вакцинасын шығаруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Шенеунік ел билігі Гамалея атындағы ҒЗО-мен Сербияда «Спутник Лайт» өндірісі туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты және институт директоры Александр Гинцбург осы жылдың наурыз-сәуір айларында елге сапары туралы атап өтті.

«Біз сондай-ақ спрей түрінде вакцина өндірісін талқылайтын боламыз. Біздің елімізде осы вакциналарды өндірудің басталуы адамдарды вакциналаудан өтуге ынталандыратын жаңа қадам болады, өйткені бұл препараттардың тиімділігі дәлелденген», — деді Ненад Попович.