Самат Әбішке қатысты тергеу басталды 

Самат Әбішке қатысты тергеу басталды 
Сурет: ашық дереккөз

«Қаңтар оқиғасына» тікелей қатысуы болуы мүмкін деген күдікпен ҰҚК бұрынғы басшысының орынбасары Самат Әбішке байланысты Бас Прократура тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін жазғанымыздай, Арман Жұмагелдиев пен 44 күдіктінің ісі сотта қаралып жатыр. Сот барысында ҰҚК 5-басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов оқиға кезінде Самат Әбіштің бұйрығы бойынша тапсырма орындағанын айтқан болатын. 
Іс қаңтар оқиғасы кезінде билікті және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану негізінде жүргізілуде. 

Тергеу құпия құжаттамалардың көлемінің көптігіне байланысты жан жақты зерттеледі. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Бұған дейін Бас прокурор одан куәгер ретінде жауап алынғанын хабарлаған болатын.