Салтанаттың салығы қанша?

Салтанаттың салығы қанша?
Сурет: интернеттен

Жеке тұлғаларда 490 яхта бар.

Ұлттық экономика министрлігінде Салық кодексінің жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжаты әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Онда жеке тұлғаның барлық объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК (2024 жылы 479 960 000 теңге) шегінен асып кеткен жағдайда "сән – салтанат" заттарына салық салуды арттыру туралы ұсыныс жазылған.

«Кей адамдардың меншігінде яхталар мен жеке ұшақтар бар. Мысалы, жеке тұлғаларда 490 яхта бар. Яхталарға салынатын салықтың ең жоғары сомасы – шамамен 190 мың теңге (55 АЕК). Ставкаларды көбейту ұсынылады. Яхталардың ұзындығын Еуропа елдеріндегідей салық мөлшерлемесін анықтау үшін қолдануға болады (5 метрден астам сән-салтанатқа жатады). Мысалы, Грекияда ашық яхталарға арналған сән-салтанат салығы жылына 780 еуродан (383 мың теңге) 2340 еуроға (1 149 мың теңге) дейін өзгереді. Ал егер яхта 12 метрден асса, салық сомасы артады», - делінген құжатта.