«РОП операторына» қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

«РОП операторына» қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды
Сурет: ашық дереккөз

Қыркүйектің 22-сі күні Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басшылығы мен бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

19 қыркүйектен бастап сотталғандар мен олардың қорғаушыларының өтініштері қаралған. Бірақ олар да қанағаттандырусыз қалдырылды.

Ахметжан Пірімқұлов пен бұрынғы бас директор Свитлана Коротенко прокурорға процессуалдық келісім беру үшін үкімнің күші жойылады деп күткен.