Роллан Сейсенбаев - «Әлемнің алтын жазушысы»

Роллан Сейсенбаев - «Әлемнің алтын жазушысы»
Сурет: Qazaqtv.com

«Әлемнің алтын жазушысы» дипломы қазақстандық қаламгер Роллан Сейсенбаевқа табыс етілді.

Бұл жоғары атақ жер шарының озық ойлы, көрнекті жазушыларына рухани еңбектері мен қуатты шығармашылық ұмтылыстары үшін тағайындалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Олардың кітаптары адамзат баласының кең тынысты еркін өмірінің шарықтауына жол ашуымен құнды. Беделді сыйлықты «Radius» және «Pegasus Brucke» халықаралық өнер орталықтары мен 10 мемлекеттің халықаралық қоғамдық ұйымдары тағайындаған.

 «Ол – тек жазушы ғана емес, үлкен гуманист. Атадан мұра болып қалған рухани құндылықтарымызды бүгінгі жас ұрпаққа жеткізіп келеді. Оның еңбектерінде көшпелі өркениеттен отырықшы мәдениетке ауысқан тұстағы қиындықтар суреттеледі. Табиғатқа деген көзқарас, адамдардың арасындағы қарым-қатынас бейнеленеді», - дейді аға оқытушы Нұржан Құлымжанов.