Рыбакина әлемдік турнирдің ширек финалына шықты

Рыбакина әлемдік турнирдің ширек финалына шықты
Сурет: Теннис федерациясы

Монреальдағы WTA-1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчта Елена Рыбакина АҚШ спортшысы Слоан Стивенспен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан спорт федерациясының мәліметінше, Матч тек 1 сағат 15 минутқа созылды. Рыбакина сегіз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Канададағы жарыстың ширек финалында әлемдік рейтингтің 4-ші орында тұрған Елена ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен (әлемнің 14-ші ракеткасы) ойнайды.