Алматыда былтыр рекордтық көлемде инвестиция тартылды

Алматыда былтыр рекордтық көлемде  инвестиция тартылды
Сурет: ашық дереккөз

Рекордтық көлем: Алматыда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 7 7,6 млрд тікелей инвестиция тартылды

Өткен 2022 жыл ішінде экономиканың барлық салалары оң динамиканы көрсетті, деп мәлімдеді мәслихаттың VI сессиясында бейінді басқарманың басшысы Дастан Өмірбаев.

Мегаполистің іскерлік белсенділігі коронавирусттан соң толық қалпына келді, бұған Алматы экономикасына шетелдік инвестициялардың өсуі дәлел. 2021 жылмен салыстырғанда ол 12%-ды құрады: 1,4 трлн теңге тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша рекордқа қолжетті: жергілікті компаниялардың дамуына 7 7,6 млрд астам инвестиция салынды. Шетелден ақша ағыны еңбек нарығына ынталандырушы әсер етеді: 2022 жылы 40 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.