Президент Санкт-Петербургке барды

Президент Санкт-Петербургке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жөнінде Мемллекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

«Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр», - деп жазды Берік Уәли.