Президент: 2024 жылдан бастап кәсіпкерлікті жүйелі қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілуі тиіс

Президент: 2024 жылдан бастап  кәсіпкерлікті жүйелі қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілуі тиіс
Сурет: Sales-generator.ru

Ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн.

Заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.