Популистік әрекеттерді доғару қажет - Президент

Популистік әрекеттерді доғару қажет - Президент
kleo.ru

Мемлекет басшысы меморгандарға популистік әрекеттерді доғаруды тапсырды

Бағаны төмендетуді желеу еткен популистік әрекеттерді доғару қажет. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарға осындай нұсқау берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Бүгінде мемлекеттік органдар мен күш құрылымдары бизнесті тексеріп, бағаны төмендетуді талап етумен әуестеніп кеткен жайттар жиілеп кетті. Мұндай популистік әрекеттерді доғару қажет. Монополия табысының шектеу қажеттілігі мен инфрақұрылымға инвестицияны қамтамасыз етудің арасында теңгерімді сақтау маңызды», - деді Президент.