Президент Қала құрылысы кодексін әзірлеуді тапсырды

Президент Қала құрылысы кодексін әзірлеуді тапсырды
Сурет: Rbc.ru

Қазіргі кезде бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген.

Сәулет-құрылыс қызметі әбден қағазбастылыққа көмілген. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие. Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп. Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі қолданылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.