Қытайдың шығысында нөсер жауынан 2 млн адам жапа шекті

Қытайдың шығысында нөсер жауынан 2 млн адам жапа шекті
сурет: Inform.kz

300 мың тұрғын эвакуацияланды

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауынан 2 млн адам жапа шекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, Цзянси провинциясында табиғат тосын мінез танытып, нөсер жаңбыр жауған. Бұл 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысын бұзды. 150 мың гектар егістік су астында қалды. Экономикалық шығын 6,79 млрд юаньнен ($1,01 млрд) асып жығылған.

Қызыл су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған.

Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.