Полицейге бағынбағандар қалай жазаланады?

Полицейге бағынбағандар қалай жазаланады?
Сурет: интернеттен

Керісінше, қызмет барысында полицейлер заң бұзса, азаматтар да шағымдануға құқылы.

ІІМ өкіліне бағынбай жұмысына кедергі болғандарға 2000 АЕК айыппұлдан бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркелген.

ІІМ ақпаратынша, кейде отбасылық зорлық-зомбылық кезінде жәбірленушіні "үй агрессорынан" құтқарамын деп, полицейлердің өзі жарақаттанып жатады.

ІІМ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өз өмірін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полицейлердің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Мұндай әрекеттерге жол берген жағдайда ірі айыппұлдан (2000 АЕК) 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.