Папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады

Папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Осы күзде елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады.

Бұл шара иммундау жөніндегі ұлттық жоспарға да енгізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  Екпе қыздарға тек ата-аналарының рұқсатымен ғана егіледі. Иммундау шарасына Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Жалпы Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обыры салдарынан 600 әйел көз жұмады. Қатерлі ісіктің пайда болуына осы адам папиллома вирусы басты себепкер», - дейді дәрігерлер.

Зайтуна Хамидуллина, қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы: - Вакцина бізге жатыр мойыны обырының алдын алуға көмектеседі. Егер қыздар адам папиллома вирусына шалдықса, ол ешбір әдіспен емделмейді. Сондықтан осы екпе арқылы оның алдын алған маңызды. Иммундау кезінде 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жоспарланған. Ол тегін болады.