Былтыр 3,5 мыңдай әке бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алған

Былтыр 3,5 мыңдай әке бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алған
Сурет: Parents.ru

Бұл әлеуметтік төлемді ата-ананың біреуі ғана ала алады.

Былтыр республика бойынша 385 мың азаматқа 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның 3,5 мыңға жуығы ер адам. Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.

«Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға және бала күтімімен айналысатын ата-анаға тағайындалады. Ол мүмкін әкесі немесе анасы болар. Бұл ата-ананың өздерінің құқығы. Мұндай құқық шектелмеген. Бала күтімімен айналысатын нақты ата-анаға тағайындалады. Егер бала отбасында туылса, бұл балаға күтімді әкесі жасайтын болса және ол жұмыс істесе, онда бұл төлемге келуіне толық мүмкіндігі бар», - деді  Нұрсұлу Мырзагелдіқызы.