Өзен бойы тазартылып, абаттандырылады

Өзен бойы тазартылып, абаттандырылады
Сурет: ашық дереккөз

Аудан тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру - қала әкімдігінің ерекше бақылауындағы мәселе.

Өткен жылы Жарбұлақ өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 6,7 шақырым іргелес аумақ абаттандырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Сондай-ақ 2022 жылы «Аспан» паркінің  құрылысы аяқталып, «Маяк» тоғайының 31 гектары абаттандырылған.

«Биыл  «Слава Аэропорта» және «№6 оқушылар үйі» 2 скверін абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Сыртқы жарықтандыру желілерін, жасыл аймақтарды суару жүйесін, орындықтар, урналар орнатып, жаяу жолдарды жаңартамыз», - деді Алматы қаласының әкімі аудан тұрғындарымен кездесуінде.

.