Өткен тәулікте 50 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 50 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 қазандағы мәлімет бойынша, 958 адам коронавирус инфекциясынан (–817+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 102 пациент стационарда, 856 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.