Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Сурет: Inform.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм жарық көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Әулет» сериясымен түсіріліп жатқан деректі фильмдер топтамасының бұл жолғы саны Жеңісхан Дүзелбайұлына арналыпты.

Фильмнің авторы – Алтынбек Құмырзақұлы. Фильмде аңыз тұлғаның өмір жолы мен елдік жолындағы күресі толықтай баяндалған.

Туындыда ел көп біле бермейтін деректер қамтылған.