Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтарды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтарды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады
Сурет: Qazaly.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.