Онколог қандай сәндік процедуралар обыр ауруын тудыратынын айтты

Онколог қандай сәндік процедуралар обыр ауруын тудыратынын айтты
Сурет: Flario.ru

Кей жағдайларда  косметикалық процедуралар адамда обыр ауруын тудыруы мүмкін.

Бұл туралы онколог әрі химиотерапевт Андрей Базылев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Маман әйел адамдар арасында жиі кездесетін шашты түзету процедурасына назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, шаш түзетуде қолданылатын препарат құрамында формальдегид қолданылады. Ол қауіпті канцероген, сондықтан  шашты айына сегіз реттен асырып түзеткен дұрыс емес. Оның өзінде, бұл процедура салон клинеттері үшін емес, осы қызметті көрсететін мамандар үшін қауіп тудырады. 

Косметологиялық препараттарды таңдау кезінде Базылев құрамында диоксан барларын таңдамау керектігін айтты. Бұл зат ағзадағы түрлі эндокринді бұзылыстардың пайда болуына әсер етуі мүмкін, оның салдары обыр ауруына әкелуі ықтимал. 

Жиі қолданған кезде тырнаққа арналған ультракүлгін лампа  да ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Маникюр мен педикюрге әуес қыздардың оны қолданғаннан тері обырына ұшырау қаупі басым. Оның өзінде, маман мұндай салдар болмас үшін ультракүлгін лампаны айына 10-15-тен көп қолданбау керек. 

Сонымен қатар, онколог соңғы деректер бойынша, бұған дейін онкология тудыруы мүмкін деп санаған ботолутоксин уколдары (егу) және шашты бояуда мұндай қаупі жоқ екенін айтты.