Несие беру талаптары қатаңдатылады

Несие беру талаптары қатаңдатылады
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Ең алдымен несие алушының табысына қатысты талап күшейтілмек.

Елімізде несие көлемін азайту үшін қарыз беру тәртібі қатаңдатылмақ. Бүгін Ұлттық банк ол үшін заңға қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Яғни, банктер қазіргідей берешекті оңды-солды бере бермейді. Клиенттің ресми табысын ескеріп беруге міндеттелмек. Бұл адамдарға артық қарыз беруді шектейді дейді мамандар. Сондай-ақ, сарбаздарға несие беруге тыйым салынбақ. Әрі банктер мен микроқаржылық ұйымдар бұдан былай қарызды өндіру бойынша коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.