Нан бағасы 1000 теңгеге жуықтап қалды

Нан бағасы 1000 теңгеге жуықтап қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қала дүкендерінің бірінде нан бағасының 590-690 теңгеден сатылып жатқандығы жайлы ақпарат тарады. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін дүкен сөрелерін бір шолып шықтық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Биыл, шілде айының қорытындысы бойынша, нан 8,6% қымбаттаған. Оның ішінде қара бидайдан жасалған нан бір жылда 12,7%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 12,4%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 5,8%-ға қымбаттаған.
– Нан бағасы ай сайын 5-10 теңгеден өсіп жатыр. Ал жалақымыз бәз-баяғыша. Кеше қаладағы дүкендердің біріне азық-түлік алу үшін кірген едім. Сөрелерде 500 теңгеден, 980 теңгеден тұрған нанды көрдім. Бұл жағдайды елеусіз қалдырмай, әлеуметтік желілерге жарияладым. Біз бидай өсіріп, ұн өндіретін елміз. Неліктен баға қымбат? Баға барлық қалаларда бірдей – 100 теңгенің айналасында болуы қажет деп ойлаймын, – дейді қала тұрғыны. 
2023 жылдың мамыр айының соңында ұн бағасы, 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда, 16,2%-ға қымбаттады. Өткен жылы айлық өсім 6,8%, жылдық өсім 29,9%-ды құраған.

 Осы ретте, нан өнімдерінің бағасына тоқтала кетсек.

«Бөлке» наны 180 теңге

«Қара» наны 250 теңге

«Багет» наны 350 теңге

Тілме батон 380теңге

Тандыр нан 280-350 теңге