Мұсылман жазушы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды

Мұсылман жазушы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды
Сурет: Рressn.net

Танзаниялық Абдулразак Гурна әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды.

Швеция корольдік ғылым академиясының Нобель комитетінің хабарлауынша, Ұлыбританияда тұратын танзаниялық Абдулразак Гурна әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Абдулразак Гурна 1948 жылы Занзибар аралында араб ұлтынан шыққан мұсылмандар отбасында дүниеге келген. 20 жасында ол Ұлыбританияға қоныс аударды, Кент университетінде докторлық диссертациясын қорғады және қазір ағылшын тілі кафедрасының аспирантурасын басқарады.

Ол өзінің әдеби дебютін 1987 жылы «Кету туралы естелік» романымен бастады. Жалпы алғанда, оның он кітабы бар, олардың ең атақтысы - «Жұмақ» (1994) және «Теңіз жағасында» (2001), олар Букер сыйлығының тізіміне енгізілген. Оның кітаптары орыс тілінде басылмаған.
Нобель сыйлығының лауреаттары диплом, алтын медаль және ақшалай сыйлыққа ие болады - биыл бұл он миллион швед кроны (шамамен 1,2 миллион доллар).