Мұнай 2,7%-ға арзандады

Мұнай 2,7%-ға арзандады
Сурет: Inbusiness.kz

Қытайда індет өршіп кеткендіктен, мұнай 2,7 пайызға арзандады.

20 күн бұрын 139-ға дейін көтерілген Брент маркалы өнім 117 доллар 25 центке саудаланып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

25 млн халқы бар Шанхай әкімшілігі бүгіннен бастап 4 күнге қаланың жартысын жауып тастау туралы шешім қабылдады. Азияда сауда алаңы ашылысымен, америкалық шикізаттың мамыр айындағы фьючерсінің 110 доллар 85 центке дейін құлдырады.

Бағаның көтерілуіне Украинадағы соғыстың үдеуі әсер еткен еді. Енді ең ірі тұтынушының шектеуді күшейтуі шикізаттың арзандауына алып келді.

Жұмадан сенбіге ауған күні Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Джиддадағы мұнай қоймасына шабуыл жасаған еді. Сол кезде баға шарықтап кеткен.