Мұхамедиұлына қатысты жаңа сот процесі аясында алдын ала тыңдаулар өтті

Мұхамедиұлына қатысты жаңа сот процесі аясында алдын ала тыңдаулар өтті
Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 21 желтоқсанында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа сот процесі аясында алдын ала тыңдаулар өтіп, сот екі эпизодты бір процеске біріктірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Сот екі эпизодты бір сот ісін жүргізуге біріктірді: біріншісі, "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізуге қатысты тергеу деректері бойынша жаңа мән-жайлардың пайда болуына қатысты; екіншісі – Астанадағы "Дипломат" қонақүйін иемдену кезінде қиянат жасау және рейдерлік әрекет.

Астаналық адвокаттар алқасының адвокаты Айгүл Исмағұлованың айтуынша, сот отырысында жеті адам отыр. Алдын ала тыңдау кезінде бес адам тікелей сот залында болды: Арыстанбек Мұхамедиұлы, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан және Азамат Көшенов және тағы екі айыпталушы - Айым Сәдуақасова мен Гүлзат Жуаспаева конференц-байланыс арқылы онлайн режимінде қатысты.

"Бізге 2017, 2018 және 2019 жылдардағы "Алтын адамның шеруі" көрмесі туралы эпизод бойынша ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Ұрлықтың сомасы шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.Біз бұл айыптау актісімен келіспейміз, өйткені кінә ештеңемен расталмаған.Әрине, біз кінәсіздікті дәлелдейміз, кінәсіздік презумпциясы бар, оны ешкім жойған жоқ.Істің бірінші сатыдағы сотта әділ және объективті қаралып, іс бойынша барлық мән-жайлар анықталатынына сенеміз"- деді Леонид Кочетовтың адвокаты Айгүл Исмағұлова.