Мүгедектік қалай анықталады?

Мүгедектік қалай анықталады?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылы Алматыда мүгедектікті белгілеу бойынша 7 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды 

Алғаш рет Мүгедектік 5 мыңнан астам алматылыққа белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының орынбасары Римма Қасымова айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), дене функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тыныс-тіршілігінің шектеулерін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау.
Медициналық-әлеуметтік сараптама куәлік берілетін адамның тұрақты тіркелген орны бойынша медициналық мекемелердің дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша беріледі. 

Оның айтуынша, аумақтық департаменттің бағыттарының бірі мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүргізіледі.

Спикер Әлеуметтік кодекс аясында 2022 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді қамтитын нозологияның 22 түрінен сырттай мүгедектікті анықтаудың проактивті форматы заңнамалық түрде бекітілгенін атап өтті. 

 «Мүгедектіктерді анықтау бойынша «медициналық-әлеуметтік сараптаманың» сырттай-проактивті форматы ең алдымен сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін жоюға және азаматтардың тікелей байланысын болдырмауға бағытталған. Яғни, Қазақстанның әр өңірінен келген тәуелсіз сарапшылардың мүгедектігін анықтаудың бүкіл процесі тексерілетін адамның медициналық мекемелерінің электронды құжаттары негізінде жүзеге асырылады. МӘС тәуелсіз сарапшылары азаматтар туралы деректерді көре алмайды», - дейді Р. Қасымова. 

Сараптаманың бұл форматында медициналық мекемелердің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жұмыс сапасын ұйымдастыру маңызды рөл атқарады.

 «2023 жылдың қортындысы бойынша 23 886 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 7 мыңнан астамы сырттай проактивті форматта көрсетілген», - деді ол.

Алғаш рет мүгедектік 5 мыңнан астам адамға белгіленді, оның 2848-і еңбек жасындағылар, 1115-і зейнет жасындағылар, 1269-ы балалар.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 58 881 мүгедектігі бар адамдар тіркелген, оның шінде 50% еңбек жасындағылар, 34% зейнет жасындағылар және 18 жасқа дейінгі жас өспірімдер 16 %.

1 топ мүгедектік - 6 306, 2 топ мүгедектік- 23 654, 3 топ мүгедектік- 19 533, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала- 2 953, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 1 топ- 1 164, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 2 топ - 2 220, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 3 топ - 3 051.

Алматы қаласы бойынша балалар мен ересектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы 7 аумақтық МӘС бөлімдері жүзеге асырады:
- МӘС әдістемесі және бақылау бөлімі;
- МӘС бес ауданаралық бөлімі;
-18 жас дейін жасөспірімдерге арналған бір МӘС бөлімі.

МӘС-тің әрбір аумақтық бөлімінің негізгі базасы-емдеу мекемелері. МӘС-тің әрбір бөлімі бекітілген кесте бойынша 8-10 емдеу мекемесіне тіркелу бойынша мүгедектігі бар адамдарға қатысты медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізеді.

Журналистердің мүгедектік тобы қандай мерзімге белгіленетіні туралы сұрағына жауап бере отырып, Римма Қасымова мүгедектік анықталған жағдайда мерзімдер медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалатынын және 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетінін түсіндірді.