Үш миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Үш миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында сайлауалды штабының өкілдері дәрігерлер арасында жұмыспен қамту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Almaty aqshamy».kz toqaev2022.kz-rt парақшасына сілтеме жасай отырып.


«Біздің кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы 2030 жылға қарай жүргізетін реформалар негізінде елге барынша көп инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Осы инвестициялар арқылы 3,3 миллионнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады, оның кемінде 2,3 миллионы жастарға арналмақ. Жұмыс орындары туризм, бизнес және агроөнеркәсіптік кешен саласында құрылатын болады», - деді Маңғыстау облысы бойынша штаб төрағасы Нұрбек Қарасаев.  


Кездесу барысында IT саласын дамыту және оның халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігі мәселелері көтерілді.  


-Бүгінде жастар кез-келген қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Қазір IT саласында жастарды оқыту үшін бұрынғыдан да қолайлы жағдай жасау қажет. Бұл қағиданы біздің кандидат берік ұстанады, - деді «Amanat» партиясы елордалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.


IT-компанияларда кемінде 150 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар Түркістанда Bir tolqynda диалог алаңы аясында жас ұрпақты жан-жақты қолдау шаралары, оның ішінде өз бизнесін бастаған жастарға 2,5% несие беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл міндеттерді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Сайлау науқаны басталғаннан бері сайлаушылар арасында еліміздің барлық өңірлерінде Президенттікке кандидаттардан 10 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шаралары өтті.


20 қарашадағы Президент сайлауына ОСК алты кандидатты тіркеді. Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12