Берік Солтанбаев кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды

Берік Солтанбаев кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Берік Бекмырзаұлы Солтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында туған. 2012 жылы Қазақстанның «Парасат» көпсалалы институтын, 2015 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірді.


Еңбек жолын 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында кеңесші лауазымынан бастады.
2014-2017 жылдары «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінде маман болып қызмет атқарды.


2017-2018 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


2018 жылғы қазаннан бастап, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялар тарту және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы мәселесіне жетекшілік етті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18