Мұғалімге берілген керемет мүмкіндік

Мұғалімге берілген керемет мүмкіндік
gov.kz

«Үздік педагог» 3,4 миллион теңге сыйақы алады


ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 21 шілдедегі бұйрығымен "Үздік педагог" атағын иеленушілерге сыйақы төлеу мөлшері қағидаларын бекітті.

Сыйақы мөлшері 1000 еселенген АЕК мөлшеріне (немесе 2023 жылға 3 450 000) тең.

Сыйақыға тиісті қаржы жылына білім беру саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен төленеді, сондай-ақ, бір рет атақ иегерінің шотына аударылады.

Сыйақыны алу үшін мұғалімдер конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қолма-қол немесе электронды форматта мынадай құжаттар ұсынады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • иегердің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Құжаттар толық және сенімді болған жағдайда, олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей сыйақы иегердің ағымдағы шотына аударылады.

"Үздік педагог" атағы жыл сайын мұғалімдерге конкурстық негізде беріледі.

Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттық оқытушысы болып саналатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтары қатысады.

Байқау жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

  • I кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;
  • II кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;
  • III кезең – республикалық деңгей.

Айта кетейік, "Үздік педагог" атағы бір оқытушыға он жылда бір реттен артық берілмейді.

Бұйрық 2023 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.