«Міржақып. Оян, қазақ» үлкен экранға шықты

«Міржақып. Оян, қазақ» үлкен экранға шықты
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

«Міржақып. Оян, қазақ» фильмін дәл қазір алматылықтар кинотеатрдағы үлкен экраннан көріп жатыр.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімін тамашалауға біраз көрермен жиналды. Фильм кинотеатрдан осы айдың соңына дейін көрсетілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

120 минуттық кинокартинада Алаш қайраткерінің революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы азапты күндері көрініс тапқан.

Еске саламыз бұған дейін, Ұлттық арнаның бастамасымен Міржақып Дулатов жайлы 6 бөлімдік телесериал түсіріліп, ол көрермен арасында кеңінен танылған еді. Туынды автордары сериалдан құрастырылған толық метражды фильм де көпшіліктің көңілінен шығады деген үмітте екендіктерін жеткізді.