Министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс мәселе

Министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс мәселе
Сурет: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс іс-шараларды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі іс-шараларға назар аудару ұсынылады. Уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету, экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалану қажет», - деді министр.

Сонымен қатар ол белсенді түрде инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесіне де назар аудартты.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша іс-шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу керек. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту іс-шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет», - деді Әлібек Қуантыров.