Мың жылдық тарихы бар ойын

Мың жылдық тарихы бар ойын
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматыда тоғызқұмалақтан оқушылар арасында  әлем чемпионаты аяқталды

Алматыда ADD үстел теннисі орталығында төрт күн бойы төрткүл дүниеден жиылған оқушылар арасында Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты (U-15, U-17) ұйымдастырылды.

Тоғызқұмалақтан рапид пен блиц түрінен мектеп оқушылары арасындағы жаһандық жарысқа 16 елден: Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Түркіменстан, Чехия, Колумбия, т.б. елдерден келген 63 спортшы ұл-қыз қатысты.

Мың жылдық тарихы бар ұлттық ойын  тоғызқұмалақ – қазақ ұлтының әлемдік мәдени мұраға қосқан үлесінің жарқын үлгісі. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді. Айта кетерлігі, биыл Тоғызқұмалақ күнінде (9 қыркүйек) Алматыдағы дендропарк аумағында 2028 мектеп оқушысы бір мезетте тоғызқұмалақ ойынын ойнап, Қазақстанның «Гиннесс рекордтар кітабына» енген болатын.  

Алматы қаласы Тоғызқұмалақ федерацияның өкілдерін әңгімеге тартып, «Әлем чемпионаты не себепті оқушылар арасында өткізіліп отыр?» деген сауалға жауап іздегенбіз. Олар мұның сырын былайша сабақтады: «Біріншіден, оқушылар – ең ұйымшыл ұжым. Екіншіден, олар өскен соң жоғары лигада, жоғары топта ойнауға мүмкіндік алады. Сондықтан бұл сайыс – олар үшін әлемдік деңгейге әзірлік»,  – дейді федерациядағылар.

Шыны керек, тоғызқұмалақ – соншама қомақты қаражатты қажет етпейтін спорт түрі. Бұл ретте Мемлекет басшысының қаржыны аз қажет ететін спорт түрлерін дамыту жайында айтқан тапсырмасы да ескерілді. Оның үстіне, тоғызқұмалақпен тұрақты айналысатын балалардың оқу үлгерімі де жақсы болатынын ұстаздардың өзі растап отыр. Логикаға (қисын) негізделген ұлттық ойынның балаларға да берері мол.

Әлемдік деңгейдегі спорт жарысына ең кемі 4 оқушыдан келуі керек. Ең аз келгені – үш ойыншы (Колумбия), көп келгені – қырғыз елінен (8 ойыншы). Бұл жарысқа «алаң иелері» саналатын елімізден 28 ойыншы қатысты. Сайыс қорытындысында . Қазақстан құрама командасы «рапид» және «блицте» алтынға қол жеткізді.«Рапид» бойынша Махмұтжан Әзімхан, Ернұр Батыр, Айдана Молдабек және Аяна Исахан алтыннан алқа тақса, «блиц» бойынша Самира Оразмұханбет, Әділет Бекмахан, Виктория Белицкая және Сапар Тамерлан жарыс чемиондары атанды.

Әлем чемпионатының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз:

 

Рапид:

 

U-15 - Ұлдар

  1. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан)
  2. Лес Зауытбек (Қазақстан)
  3. Нурел Султашев (Қырғызстан)
  4. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия)

U-15 - Қыздар

  1. Айдана Молдабек (Қазақстан)
  2. Бахииана Тургуналиева (Қырғызстан)
  3. Еркежан Асанкулова (Қырғызстан)
  4. Мадина Есқайыр (Қазақстан)

U-17 - Ұлдар

  1. Ернұр Батыр (Қазақстан)
  2. Надир Ахметов (Қазақстан)
  3. Баимбет Сейдахматов (Қырғызстан)
  4. Алехандро Даниэл Хирон Чилито (Колумбия)

U-17 - Қыздар

  1. Аяна Исахан (Қазақстан)
  2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан)
  3. Айана Турганалиева (Қырғызстан)
  4. Александра Жаворонкова Амиго (Испания)

 

Блиц:

 

U-15 - Ұлдар

  1. Сапар Тамерлан (Қазақстан)
  2. Есентай Арсен (Қазақстан)
  3. Лес Зауытбек (Қазақстан)
  4. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан)

U-15 - Қыздар

  1. Виктория Белицкая (Қазақстан)
  2. Альбина Есмұхан (Қазақстан)
  3. Назира Қуатжанқызы (Қазақстан)
  4. Жанель Құрманғалиева (Қазақстан)

U-17 - Ұлдар

  1. Әділет Бекмахан (Қазақстан)
  2. Айдын Жақиев (Қазақстан)
  3. Қайрат Тұрарбек (Қазақстан)
  4. Салахаддин Агитаев (Қазақстан)

U-17  - Қыздар

  1. Самира Оразмұханбет (Қазақстан)
  2. Аяна Исахан (Қазақстан)
  3. Айым Әлібекқызы (Қазақстан)
  4. Ақжібек Манарбекқызы (Қазақстан)