Мемлекеттік инспекторлар 17 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысын алып берді

Мемлекеттік инспекторлар 17 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысын алып берді
Сурет: Turkystan.kz

Оларға 3,8 млрд теңге төленді.

Қазақстанда істеген жұмысының ақысын ала алмай жүрген азаматтардың құқығы қорғалды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берешегі бар компанияларды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 632 кәсіпорнында 17,7 мың жұмыскердің алдында 3,9 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады.Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 675 нұсқама беріліп, 77,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 16,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,8 млрд теңге төленді.