Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
Сурет: akorda.kz

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының сэр Сума Чакрабартиді қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.