Мемлекет басшысы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы  Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

– Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.