Мемлекет басшысы көшет өсіретін жылыжай кешенін аралап көрді

Мемлекет басшысы көшет өсіретін  жылыжай кешенін аралап көрді
Akorda kz

Мемлекет басшысы қызанақ пен көшет өсіруге маманданған «Lst Agro» ЖШС жылыжай кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президентке кәсіпорында тамшылатып суару, тұмандату және көмірқышқыл газын өндіру жүйелері жұмыс істейтіні туралы баяндалды.

Кешенді аралап көрген Мемлекет басшысы өндірілетін өнім түрлерімен танысып, жаңа жұмыс орындарын ашу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін осындай инвестициялық жобаларды іске асыру маңызды екенін атап өтті.