Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент құқық қорғау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшылығына құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Марат Ахметжанов:

еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде мәлімдеді;

қылмыс санының азайғаны жөнінде баяндады;

CyberPol жобасының нәтижелерімен таныстырды;

есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді:

     – жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленген;

     – ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіленген;

ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелгенін айтты;

адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталғанын хабарлады;

отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы баяндады;

жол-көлік оқиғаларының алдын алу және шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.