Маңғыстау облысына қосымша 3,5 мың тонна газ жеткізіледі

Маңғыстау облысына қосымша 3,5 мың тонна газ жеткізіледі
Cурет: Ашық дереккөз

Өңірдегі газ өңдеу зауыты сұранысты қамтамасыз теуге шамасы жетпей отыр

Мемлекет басшысы Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тезірек реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
 Кеше Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық білдірген еді.  Осы жағдайға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазба қалдырды.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», - деп жазды Президент. 

Президент одан соң «Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» деп атап өткен. 

Таяуда өңірде 1 қаңтардан бастап газ қымбаттады деген ақпарат тараған. Жұрт осыған байланысты сұйық отынның бағасын 60 теңгеге дейін төмендетуді талап еткен. Маңғыстау облысы әкімдігінің мәлімдеуінше өңірдегі жалғыз газ өңдеуші зауыт айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіреді. Бірақ қазіргі қажеттілік 18 мың тонна болғандықтан сұранысты қамтуға шамасы жетпейді. Осыған байланысты қосымша 3,5 мың тонна газ жеткізіледі.