Марокода 30-дан астам Қазақстан азаматы бар

Марокода 30-дан астам Қазақстан азаматы бар
Сурет: Gov.kz

Олардың барлығы дін аман.

Зілзала болған Марокода Қазақстанның 30-дан астам азаматы бар.  Табиғи апат кезінде елшілік қызметкерлері де, өзге отандастарымыз да зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. «Қазір барлығымен байланысып отырмыз», - дейді. Сондай-ақ, олар елге қайту туралы өтініш білдірмеген.