Күзден бастап Ұлыбританияда электр энергиясы 80% дейін қымбаттамақ

Күзден бастап Ұлыбританияда электр энергиясы 80% дейін қымбаттамақ
Сурет: Egemen.kz

Электр энергиясының бағасын реттеуші британдық Ofgem компаниясы осы жылдың қазан айынан бастап тұтынушылардан алынатын бағаның өскенін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Егер бұрын үй шаруашылықтары жылына орта есеппен 2000 фунт төлесе, осы жылдың соңына қарай электр энергиясының орташа тарифі 3550 фунтқа дейін өседі.

Ұлыбританияда электр энергиясының мұнша қымбаттауы үй шаруашылықтарының негізгі қажеттіліктерге жалпы шығынды күрт арттыра түседі. Бұл ретте, елдегі инфляция бүгінде 10% асқанын айта кетейік.

Үкімет сатып алу қабілеті төмендеп бара жатқан халыққа әлеуметтік көмек пакетінің жобасын Парламентке ұсынуға мәжбүр болатыны айтылуда.