Мемлекет басшысы халыққа жолдау жасайды

Мемлекет басшысы халыққа жолдау жасайды

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Айта кетері, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Бірлескен отырыс 1 қыркүйекте сағат 11.00-де елордада өтеді.