«Құрмет Легионы» орденімен марапатталды

«Құрмет Легионы» орденімен марапатталды
Суретті түсірген - О. ЖОЛДЫБАЙ

Алматыдағы Францияның Бас консулы ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменовке Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дидье Канесс мырзаның ресми хатын табыс етті.

Ол Франция Республикасы Президентінің өз Жарлығымен Сүлейменов Олжас мырзаны «Құрмет Легионы» орденімен марапаттағанын айтты. Осылайша Елші шын жүректен құттықтауын білдірді.

ЮНЕСКО-ның қамқорлығындағы MCSC ұжымы Олжас Омарұлын мәдениеттер мен халықтар достығын жандандыруға қосқан елеулі үлесін мойындайды. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде мойындалған осы жоғары наградасымен құттықтайтынын жеткізді. Марапаттау рәсімінің күні мен тәртібі хатқа сәйкес кейінірек хабарланады.