Күн ысыса бетон «бүгіледі»

Күн ысыса бетон «бүгіледі»
Сурет: видеодан алынды

8 маусым күні Алматы-Қорғас тасжолының 190-шақырымында бетон плиталар көтеріліп кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның видеосы алдымен әдеуметтік желіде тарады .

Артынша бұл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі де растады.

«8 маусым күні шамамен кешкі сағат 20:25-те оңтүстік бағыттағы жолдың 190-шы шақырымында жолдың жүру бөлігінде цемент-бетон жабыны көтеріліп кетті. Бүгінгі күні жоғарыда аталған олқылықты жою жұмыстары аяқталды. Көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді», - деп жауап берді «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын күннің қатты ысуынан Алматы-Қорғас тасжолының 86 шақырымында бетон плиталар қозғалған болатын.